Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АСТРАХАНЬ ГУБЕРНАТОРЫ БАСТАҒАН МОТОШЕРУ 11 СӘУІРДЕ АЯҚТАЛАДЫ

Көрші Астрахань облысында басталған «Каспий –достық теңізі» атты мотошеруге қатысушылар Атырауға табан тіреді. Шеруді Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастап келді. Ресейліктердің мұндай іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты – Каспий теңізі арқылы байланысатын көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту. Қонақтарды Атырау жұрты зор құрметпен күтіп алды. Мотошерушілер әрі қарай Ақтау қаласына жол тартады. Одан кейін Түркіменстан, Иран мен Әзірбайжанда болады.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/747933653643049

Оқи отырыңыз...

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ЖАҒАЛАУЫНДА 874 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЭКО-ПАРК САЛЫНБАҚ

АТЫРАУДА БАД ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ САТҚАН 52 ПАРАҚША ЖАБЫЛДЫ

МАСАНЫ УЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР