Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚылмыс

АСҚАЗАНЫ АРҚЫЛЫ 1 КГ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАМАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Caspian News, 25 мамыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағындағы есірткі трафигіне қарсы кешенді арнайы операциялар сериясын сәтті аяқтады. Жедел уәкілдердің сауатты іс-қимылының нәтижесінде 9 халықаралық және 2 аймақтық есірткі арнасының қызметі толықтай бұғатталып, бір заңсыз фитолаборатория желісі бейтараптандырылды. Заңсыз айналымға қатысы бар деген күдікпен 23 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Республика бойынша жүргізілген тінту және ұстау шаралары барысында контрабанданың ерекше әрі аса қауіпті әдістері әшкереленді.

Асқазанына 1 кг апиын жасырған «курьер»

Есірткі тасымалының ең сұмдық фактісі еліміздің батыс өңірінде тіркелді. Тексеру амалдары барысында шекарадан өтпек болған ер адамның өміріне қауіп төндіре отырып, өз денесін есірткі контейнері ретінде пайдаланғаны анықталды.

Күдікті өз асқазанында жалпы салмағы 1 килограмды құрайтын 114 дана апиын (опий) капсуласын тасымалдауға әрекеттенген. Медициналық және жедел шаралардың көмегімен улы заттар дер кезінде сыртқа шығарылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, заңсыз трафиктің тағы бір ірі фактісі елорда әуежайында әшкереленді. ҰҚК қызметкерлері Оңтүстік Азия елдерінің бірінен ұшып келіп, елімізге жалпы салмағы 12 килограмм гашиш майын жеткізбек болған Қазақстан азаматын қолға түсірді.

Арнайы операциялар барысында тәркіленген есірткі заттарының көлемі:

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері заңсыз айналымнан орасан зор көлемдегі табиғи және химиялық есірткі түрлерін, сондай-ақ оларды дайындауға арналған компоненттерді тәркіледі:

  • Көкнәр сабаны (маковая солома): 20 тонна;

  • Марихуана: 26,4 кг;

  • Гашиш майы: 18,5 кг;

  • Синтетикалық есірткілер: 11,4 кг;

  • Гашиш: 9 кг;

  • Апиын (опий): 3,4 кг;

  • Кокаин: 110 грамм;

  • Прекурсорлар (химиялық шикізат): 150 литрден астам.

Қазіргі уақытта ұсталған барлық күдікті тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК халықаралық қылмыстық топтардың транзиттік әлеуетін жою және мемлекеттік шекараны есірткі контрабандасынан қорғау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУДА ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНАН ЖИНАЛҒАН ҚАМЫС ҚҰМ ТОҚТАТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЛДАНЫЛМАҚ

АЛМАТЫДАҒЫ ЛИПОСАКЦИЯДАН КЕЙІНГІ ӨЛІМ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ІСТІ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

ДИРЕКТОР ТОО ОСУЖДЕН ЗА УКЛОНЕНИЕ ОТ НАЛОГОВ