Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпарат

ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВ «ҚАЙТА ОРАЛДЫ»

Атырауда Қаршыға Ахмедияровтың ескерткіші ашылды. Қазақстанның халық әртісі, белгілі домбырашыға арналған тас мүсін қаладағы «Қазақстан» қонақ үйінің алдына орнатылды. Ескерткіштің авторы — ҚР Мәдениет қайраткері Едіге Рахмадиев. Тас мүсіннің биіктігі үш жарым метр, ал ондағы барлық жазбалар латын қарпінде басылған.
Сондай-ақ, салтанатты шарадан кейін Нұрмұхан Жантурин атындағы облыстық филармонияда сазгердің шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылды. Айта кетейік, Қаршыға Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын шебер орындаушы ғана емес, өзі де 60-тан астам күйдің авторы.

Оқи отырыңыз...

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР СУДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ЕРІКТІЛЕР ИНТЕРНАТ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАП МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ЗАҢНЫҢ ОРЫНДАЛМАУЫ: МӘЖІЛІСТЕ БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ