Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

Атырауда ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық саны артқан. Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері облыста осындай 135 дерек тіркелген. Алаяқтар өздерінің арам ойларын жүзеге асыру үшін көбіне көлік пен оның бөлшектерін сататын сайттарды пайдаланады. Мысалы, көлікке қосалқы жабдық сатамын деп хабарландыру берген азаматқа аңқау тұтынушы бақандай жарты миллион теңгесін аударып жіберген. Ақша қолдарына тиген соң олар әлеуметтік желідегі парақшасын жойып, телефон нөмірін өшіріп тастайтын көрінеді. Сонымен қатар, алаяқтар енді ағайын-туманың да рөлін сомдауға көшкен. Олар ғаламторды белсенді түрде пайдаланушылардың туған-туыстарының фотосын пайдалану арқылы жаңа парақша ашып, қарызға ақша алған. Осындай оқиға бойынша атыраулықтардан қазан айында екі арыз түсіпті. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Оқи отырыңыз...

ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІП, АС МӘЗІРІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ

Атырау-Астрахань тас жолында көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

АУЫЛ ХАЛҚЫ НӘЖІС СУЫНАН КӨРЕСІНІ КӨРІП ОТЫР