Атырау қаласындағы №3 емхананың есепшісі өзінің жеке кәсіпкерлігінің есепшотына 225 миллион теңгені негізсіз аударған. Мұны «Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалының өкілдері хабарлады.
Бұл – мәлімет аудиторлық тексеру нәтижесінде расталыпты. Ебін тапқан екі асар демекші, есепші қомақты қаражатты емханаға «ағымдық жөндеу» жұмысын жасады деп, өзінің атындағы жеке кәсіпкерліктің есеп шотына 2 жыл бойы аударып отырыпты.
Бірақ медициналық мекеме директоры емхана мен жеке кәсіпкер арасында қандай да бір келісім-шарттың бар екенін растамады. Қайта қол қою құқығын бас есепшіге бергенін айтып, мен ештеңе білмеймін деген сыңай танытты. Бірақ тексере келе оған да қатысты кей жайт белгілі болды.
