Атырау қаласының көшелері қардан тазаланып жатыр. Жол тайғақ болмас үшін коммуналдық жұмысшылар шаһардағы көпірлер мен көшелерге реагент сеуіп жүр. Бұл жұмыстарға «Арнаулы автобаза» мекемесінің 120 қызметкері жұмылдырылған.
Және 20-дан астам техника пайдаланылуда. Қаланықардан тазалау жұмысы әуелі орталық көше-даңғылдардан басталып, кейін Молдағұлова, Құлманов, Пушкин, Тайманов атындағы көлік көп жүретін көшелерде жалғасуда.
Қазірге дейін қалаға 40 тонна реагент себіліпті. Алдағы уақытта тағы да жеткізіледі дейді коммуналдық мекеме өкілі.
