Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АБЫРОЙДЫ ӘКЕТКЕН АҚША

Отыз мың теңге аламын деп отқа түсті. Аз уақытта аңшылық қаруды иемденуге берілетін рұқсат қағазын рәсімдеймін деп пара алған подполковникке қатысты сот шешімі шығарылды. Полицейдің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Анығы – алған ақшасын 20 еселеп қайтаратындығы, яғни, 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Ең сорақысы – подполковник шені мен мемлекеттік мекемеде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы

  • Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Нұрлыбек Қабақанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабының бірінші бөлімімен кінәлі деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз...

ӨГЕЙ НЕМЕРЕСІН ЗОРЛАҒАН ЕР АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

ГАЗ ҚҰЮ СТАНСАСЫ ЖАРЫЛДЫ

ҚҰЛМАНОВ КӨШЕСІНІҢ 150 ШАРШЫ МЕТР ЖОЛЫНАН АҚАУ АНЫҚТАЛҒАН