Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«АҚ ЖОЛДЫҚТАР» БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында мерекелік іс-шара өтті. Жиынды «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының ұжымы ұйымдастырды. Төраға орынбасары Серік Ерубаев кішкентайларды мерекемен құттықтады. Алаңға батут орнатылып, аниматорлар балалармен әр түрлі ойын ойнады. Іс-шара соңында мерекелік дастархан жайылды. Қазіргі уақытта орталықта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3-18 жас аралығындағы 24 бала тәрбиеленуде. «Балалардың көңіл-күйін тек мереке қарсаңында емес, күнделікті өмірде де көтеріп, жандарында жанашыр адамдары бар екенін сездіру — біздің мақсатымыз», — дейді партиялықтар.

Оқи отырыңыз...

Атырауда кәмелетке толмаған қызды зорлауға оқталған күдікті 17 жылға сотталды

ДӨҢГЕЛЕК ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛҒАН ӨРТТЕП ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ — АУЫР

Визит министра транспорта в Атырау: река, вокзал и та самая дорога