Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ 465 ЖЫЛУ БАСҚАРУ ТОРАБЫ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгінде Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлерге 490 автоматтандырылған жылу басқару торабын орнату жұмысы жүргізілуде. Әзірге оның 465 данасы қондырылыпты. Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрбол Әділов мәлімдеді. Жалпы, бұл жұмыс шаһардағы 12 шағын ауданды қамтуы тиіс. Осы орайда, жылу басқару торабын жылыту маусымына дейін орнатып үлгереміз, дейді мамандар. Олардың айтуынша, қалада қыс мезгілінде ауа температурасының тұрақсыздығы байқалады. Осы кезде кейбір тұрғын үйлерде жылу жетіспеушілігі туындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында былтыр «жылу басқару торабын орнату» жобасы пилоттық режимде іске қосылған еді. Бұл қондырғыда арнайы сыртқы бақылау датчигі бар. Ол пәтерлерде қалыпты жылу температурасын сақтауға ықпал етеді.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

ЖЫЛЫОЙДА ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН 2603 ҮЙДІҢ ИЕСІ ӨТЕМАҚЫ АЛДЫ

АТЫРАУЛЫҚ 100 ПЕДАГОГ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ: ӨҢІРДЕ STEAM БАҒЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БОКС ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ