Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

​АҚШ мигранттарға оқ атуы мүмкін

Дональд Трамп қажеттілік туындаса, Мексика шекарасындағы мигранттарға оқ жаудыруға рұқсат берді. Бұл туралы The Military Times басылымында жарияланып отыр. 

Сонымен қатар АҚШ президенті аймақта тәртіпсіздік басталып, жағдай бақылаудан шығатын болса, Мексика мен АҚШ шекарасын түгелдей жауып тастайтынын айтты.

Алайда жаңа құжатқа Трамптың өзі емес, президент әкімшілігі аппаратының басшысы Джон Келли қол қойған.

Айта кетейік, қазір Мексиканың Тихуана мен Мехикали қалаларында Гондурас, Гватемала мен Сальвадордан келген мигранттардың саны 5 мың 600-ден асып кетті.

Дереккөз: 24.kz

Оқи отырыңыз...

Елімізде доллар 378 теңгеге сатылып жатыр

Рассматривается вариант о полном сносе школы №30 в Атырау

СТАРТ ГОДА «АКТАУ – КУЛЬТУРНАЯ СТОЛИЦА ТЮРКСКОГО МИРА»: ИДЕТ АКТИВНАЯ ПОДГОТОВКА