Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖАНАРМАЙ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Атырау, Caspian News. Биыл елімізде жанар-жағар май бағасы көтерілмейді.

 

Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. «Ағымдағы жылы бензин және дизель отынының қымбаттауына еш негіз жоқ. Қауесет, жорамал жасап қажет емес. Себебі биыл ештеңе өзгертейін деп жатқанымыз жоқ, оның ішінде акциз де бар» деді ол. Сондай-ақ, Бозымбаев алдағы алты айда республика аумағынан автоцистерналармен жанармай, дизельді отын және мұнай өнімдерінің басқа да түрін шығаруға тиым салынатындығын ескертті. Бұл туралы министрлік ҰҚК және Қаржы Министрлігімен біріге отырып, бұйрық шығарып, оны Әділет Министрлігінде тіркетіпті. Еске сала кетейік, Қанат Бозымбаев осыған дейін елімізде жанармай құнының Ресеймен теңесетіндігін айтқан еді.

 

 

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 145 КМ ЖЕР ЖЫРТЫЛУЫ ТИІС

Индонезиядағы ұшақ апаты: 10 адамның денесі табылды

«АТЫРАУ ӨНІМІ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ: ПЛАСТМАССА ЗАУЫТЫ ӨНДІРІС КӨЛЕМІН 5 ЕСЕГЕ АРТТЫРМАҚ