Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

60-қа ЖУЫҚ ДОНОР 30 ЛИТР ҚАН ТАПСЫРДЫ

14 маусым — дүниежүзілік донор күніне орай Атырауда «Өзгеге өмір сыйла» атты акция өтті. Іс-шараны 2018 жылдан бері ішкі саясат басқармасы мен қан орталығының қызметкерлері бірлесе отырып ұйымдастырып келеді. Дәстүрге айналған акцияның мақсаты — қала тұрғындарын ерікті түрде донор болуға шақыру және орталықтың тұрақты донорларына қолдау көрсету. Акция аясында түске дейін 60-қа жуық донордан жалпы көлемі 30 литр қан алынды. Ал былтыр акция кезінде 127 адамнан 54 литр қан жиналыпты. Мамандардың сөзінше, орталыққа келіп, 2-3 ай сайын қан тапсырып тұратын тұрақты 250 донор бар.
Толығырақ https://fb.watch/laQea3QLO_/

Оқи отырыңыз...

Біздің көше — Жамал Қадырқызымен

Президенттік сайлаудың мерзімі анықталды

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖЫЛУЫ