Қаланы басқан көк түтіннің себебі – қамыстың өртенуі. Элеваторный аумағында орын алған қызыл жалын туралы хабарлама құтқарушыларға 14 сәуір күні түнгі 11 сағатта келіп түскен. Олар 700 шаршы метр болатын аумақты таңғы 06:45-те жойып, қалған бөлігін дер кезінде ауыздықтауға батпақ кедергі келтіріпті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, 15 сәуір күні 5 гектарға дейін шарпыған тілсіз жауды өшіру үшін өрт сөндіру техникаларынан бөлек қосымша су ағызу құрылғысы бар арнайы тікұшақ та көтерілді, — дейді.
Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ, Атырау облысы ТЖД басшысы
- Өрт сөндіруге қиындық туғызып отқан қатты ұйытқыл жел, 23 секундына және қатты батпақтық жер. Сол себепті қазір өрт бақылауда. Өрт орнында 3 өрт сөндіру техникасы мен 18 жеке құрам жұмыс атқаруда.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тілсіз жаудың неден тұтанғандығы анықталуда.
