Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

45 қазақстандық отырған автобус Ресейде жол апатына ұшырады

Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы  отырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме жасап.  Ведомство мәліметінше, халықаралық автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқан.

«Жол апаты «Р-254″ федералды тас жолының 1368-ші шақырымында болған. Жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста 46 адам болған, оның біреуі жүргізуші. Барлығы да Қазақстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті», — делінген хабарламада.  Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жол сақшылары және аудан әкімшілігінің өкілдері келген. Көмек көрсету шараларына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.  Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушылар жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Актин» кафе қонақ үйіне эвакуацияланды. Содан кейін, барлық жолаушылар резервтегі автобуспен барар жеріне жеткізілді.  «Омск қаласындағы өкілімізбен хабарластық, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 42 000 БАЛА МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ТЫНЫҒАДЫ

«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ» ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНА «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

«КАСПИЙ» СУ ТҰЩЫТУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА 2 ҚОНДЫРҒЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗІЛУДЕ