Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

2023 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА 6,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ТҮСТІ

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 6,4 трлн теңге қаржы түсті. Бұл туралы Energymonitor телеграмм арнасында хабарлады.

Түсімнің 4,6 трлн теңгесі мұнай компанияларының салығы. Ал, 1,8 трлн теңгесі Ұлттық қордың инвестициялық жобаларынан түскен кіріс. Қазіргі таңда қорда 29 трлн теңге немесе 63 млрд доллар қаражат бар. Түсім 2022 жылмен салыстырғанда жарты трлн-ға өскен.

Energymonitor-дың хабарлауынша, инвестициялық түсім қарқыны өзгермесе, биыл кәмелетке толмаған әр баланың шотына 300 доллар ақша түседі.

Оқи отырыңыз...

НЕСИЕНІ ӨСІМСІЗ ТӨЛЕ!

АСТРАХАН ОБЛЫСЫНДА БІР САҒАТ ІШІНДЕ ЖЕТІ ДРОН АТЫП ТҮСІРІЛДІ

АТЫРАУДА ЖИҺАЗ БАҒАСЫ БІР ЖЫЛДА 7 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН