Басты ақпарат

📢🌎ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 18.01.2024Ж.
🌎БРАЗИЛИЯДА МИЛЛИОНДАҒАН АДАМ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ
Сәрсенбіге қараған түні Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған күшті циклонның салдарынан 1,1 миллионнан астам электр тұтынушысы зардап шекті, бір адам қаза тауып, 12-сі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
🌎ЖЕР СІЛКІНІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 200-ден АСТЫ
Жапонияның Исикава префектурасының Ното ауданында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 232-ге дейін өсті, деп хабарлады Kazinform Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
🌎ТАЙЛАНДТА ОТШАШУ ФАБРИКАСЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Таиландтың орталығындағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Associated Press хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің Супханбури провинциясында болған.
🌎ҚЫТАЙ ХАЛҚЫ АЗАЮДА
ҚХР халқының саны 2 миллионға қысқарды, елде туу көрсеткіші төмендеп, өлім-жітім артты. Қытай Халық саны бойынша Үндістаннан кейін екінші орынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
🌎ХАМАС ПЕН ИЗРАИЛЬ БІТІМГЕ КЕЛДІ
ХАМАС Газа секторына қосымша гуманитарлық көмек жіберу мақсатында кепілге алынған израильдіктер үшін дәрі-дәрмектерді қабылдайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісімге Катар мен Францияның делдалдығы арқылы қол жеткізілді.
👉🏻 ТОЛЫҒЫРАҚ 👈🏻

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *