Басты ақпаратЖаңалықтар

«АҚТАУ-БАТЫР» БАҒЫТЫНДА ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАЙДЫ

Маңғыстауда «Ақтау-Батыр» бағыты бойынша 10 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бұл Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін көптен күткен жағымды жаңалық болып отыр. Себебі бұрын қоғамдық көліктің тапшылығынан жергілікті халық әбден зәрезап болған еді.

 Линда ЖҰМАҒАНБЕТОВА, Батыр ауылының тұрғыны

Бұрын пазикпен жүретін едік. Ол пазик 1 күн жүрсе 2 күні бұзылатын еді. Балаларымыз да дәл сондай. Уақытылы жүрмейтін еді. Кеш қалатын едік. Қызым медколледже оқитын еді, кеш қалып баратын еді. Кеш келетін еді. Қазір енді күшті автобустар келіп жатыр. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр.

Батыр ауылы Ақтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Қоғамдық көліктің жолақысы бір бағытқа 140 теңге деп бекітілген. Бүгінде ауылда 25 мыңнан астам адам тұрады.

 Нұрхан МҰСТАФАЕВ, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары

10 автобустың ара қашықтығы 10 минуттан жүреді. Ол да бір халыққа жақсы бір заманауи өмір сүруіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Маңғыстау жылу мекемесі бар халыққа кәріз жүйесі, жылумен, ауызсумен қамтамасыз ететін. Оларға да арнайы мамандандырылған автокөлік осы мемлекеттің , облыс әкімінің қолдауымен алынды. Осы көліктермен сапалы қызмет көрсетеміз деп есептейміз.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, жаңа автобустардың пайдалануға берілуі қоғамдық көлік тапшылығы мәселесіне нүкте қоймақ. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданында 61 қоғамдық көлік жұмыс істеп тұр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *