Жаңалықтар

СОТ БАСТАЛДЫ

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты соттың алдын ала тыңдалымы өтті. Сырттай сот отырысының өзі қазанның 18-і күні басталмақ. Ағайынды Рысқалиевтер мен олардың күйеу баласы Рүстем Әлбақасов және тағы да 5 адамға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бөтеннің мүлкін талан-таражға салу, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақшаны, затты заңдастыру секілді баптар бар. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді биылғы жылдың ақпанында аяқтап, күдіктілерді бірнеше рет тергеуге шақырған. Бірақ, олардың ешқайсысы ұлттық бюроның талабын орындауды қажет таппады. Сондықтан, сот та сырттай өтпекші.

754 томға жеткен қылмыстық іспен ағайындылардың адвокаты толықтай танысып үлгермепті. Сол себепті сот процесі аз уақытқа кейінге шегеріліп отыр. Еске сала кетейік, Бергей Рысқалиев пен оның 22 сыбайласына бюджеттің 71 миллиард теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын. Бұл іс бойынша топтың көптеген мүшелері бірнеше жылға сотталып, алды шығып та үлгерді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *