Жаңалықтар

ӨЛМЕСТІҢ КҮНІ

 

Атырау қаласы маңындағы «Здоровье» саяжай қоғамының немесе Сарыөзек ауылының тұрғындары қара судың зардабын тартып отыр. Ауылға су құбырының мүлде тартылмауына байланысты мұндағы 250-ден астам түтіннің көпшілігі жазда жақын жердегі өзектің сасыған суын, ал қыста қатқан мұзын ерітіп ішуге мәжбүр.

Сарыөзектіктерге сенсек, олар айына 3-5 тонна су сатып алып, оны ауладағы құдыққа құйдырып отырады. Бірақ, ол ас-су дайындауға жарамсыз, өйткені, іші өлген жәндіктерге толы.

Көпшілік көкейдегі мәселені қағазға түсіріп, шешер деген үмітпен біршама тиісті орынның есігін қағып, талай басшының алдына барыпты. Әуелгі кездері құрғақ уәдемен шығарып салған олар, кейін қимылдағандай түр көрсеткенімен, уақыт өте бәрі ұмытылған.

Сарыөзектіктерге сан рет уәде етіп, сарсаңға салып қойған жергілікті әкімдік мұнда жалпы ұзындығы 4 шақырымға жықтайтын су құбырын алдағы жылы тартамыз дейді. Тіпті қажетті қаражат көлемі де белгілі екен.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *