Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАЙЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ БІР ТӘУЛІКТЕ ЖАРТЫ МЕТРГЕ КӨТЕРІЛДІ

2-мамырда Жайық өзенінің деңгейі Индербор  кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 750 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см.

Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 795 см-ді көрсетіп тұр.  Қауіпті деңгей 850 см.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 459 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 359 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр.

Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде  1 см-ге төмендеп, 145 см-ді көрсетті. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 2-мамыр  күні 7, Көшімде 6 см түссе, Тайпақта 51 см-ге көтерілді.

2-мамыр күні Иреклі суқоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *