Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырау маңында Жайық деңгейі қауіпті деңгейден 1 см асты

Жайық өзені 14-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 3 см-ге көтеріліп, 10 метр 41 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 196 см асып тұр. Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 980 см-ді көрсетті. Мұнда да сол – қауіпті саналатын көрсеткіштен 130 см асып кетті.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір 551 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 1 см асып тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулік ішінде 3 см-ге төмендеп, қазір 369 см боп тұр. Қауіпті деңгей 5 метр.

Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі де 3 см-ге төмендеген. БҚО-дағы Тайпақ ауылының тұсында Жайық деңгейі 14-мамыр күні 5 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 922 см. Иреклі суқоймасынан секундына 162 текше метр су жіберіліп жатыр.

Оқи отырыңыз...

ОҚУШЫЛАР ОЙЫНШЫҚ ПА?

Ескі көліктерді айдауға шектеу қойылуы мүмкін

МЕКТЕП ТЕ, МҰҒАЛІМ ДЕ ЖЕТПЕЙ ЖАТЫР