ЖЕДЕЛ ШТАБ: «ТАЙПАҚТАҒЫ СУ ДЕҢГЕЙІ ТҮСПЕЙІНШЕ, ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙДІ»

Қазіргі уақытта Индер ауданында су тасқынына қарсы қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Бүгінгі ақпарат яғни 2-мамыр күнгі мәлімет бойынша Индербор кентіндегі су бекетінде Жайық өзенінің деңгейі 750 смді көрсетіп тұр. Бүгін 32 сантиметрге көтерілген. Қауіпті деңгейге 95 сантимер қалған.

 Жалпы су деңгейінің бірден 20 сантимерден жоғары көтерілуі ауданда осымен үш күн қатарынан тіркеліп отыр. «Тайпақтағы су деңгейі түспейінше қауіп сейілмейді»,- дейді аудандағы жедел штабтың өкілдері. Бүгінде суға кету қаупі бар әр учаскеге жауапты адамдар бөлініп, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат ауылы және Құрылыс елдімекендері кіреді. Мұндағы бөгеттердің жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асады. Жалпы Индер ауданы бойынша 17 850 мтер қорғаныс бөгеті бар. Ал су тасқынының алдын алу шаралары аясында қосымша 12 170 метр бөгет жасалып, жалпы ұзындығы 30 020 метрге ұзартылыпты.

СНХ-ҚАЗ7130-7131: Әділ ҚОҢҚАЕВ, Индер аудандық ТЖБ бастығы

— Индер ауданы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты бірталай жұмыстар атқарылды.  Бөгеттерді соғуға 132 арнайы техника, 300-дей әскери қызметкер, мыңнан астам ауыл тұрғыны және мекеме, ТЖ қызметкерлері жұмылдырылды. Қызылорда, Ақтау облыстарынан құтқарушылар келді.  Сонымен қоса, барлық ауылдық округтерде ТЖ қызметкерлері бөгеттерді қарауда, судың деңгейін бақылауда.

Бүгінде Индер ауданындағы жағаны бекіту жұмысы 100 пайызға аяқталған. Оған 500 мыңнан астам қапшық қолданылған.

2-мамыр күні ертеңгілік Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданының маңында 756 см-ді көрсетті. Ал қауіпті деңгей 845 см. Аудан әкімі Д.Шамұратовтың айтуынша алдағы өр суы алдағы 3-4 күнде мол келеді. Халық арасындағы «Индербор кентіне су келмейді, қауіпті межеге жетпейді» деген әңгіме шындыққа жанаспайды — дейді ол.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *