Басты ақпаратЖаңалықтар

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне басшы тағайындалды.

Аталған департаментке енді Әлия Бекешева жетекшілік етпек. Әлия Бекешева 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген.  Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін 1995 жылы «гигиенист — эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын сол жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастады.

1995-2013 жылдар аралығында Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында түрлі лауазымдарда, дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2013 — 2021 жылдар аралығында Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметінде болды. 2021 жылдан күні бүгінге дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *