КЕНТАУЛЫҚ ГАУХАР МЕН ЖІГЕРДІҢ ЖИНАҚ ҚҰТЫСЫ ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙҒА ҚОЙЫЛДЫ

1 жыл бойы жинаған ақшасы салынған құтыны құлсарылықтарға жіберген кентаулық  Гаухар Шаймерденнің сыйлығы  Жылыой ауданддық  «Атамұра» музейіне қойылды. Мәдени ошаққа Жамбыл Жігер атты бүлдіршіннің де аманаты жеткізілді.

 Мұрат ҚАҚПАНБАЕВ, Жылыой аудандық «Атамұра» музейінің басшысы
Ризамыз, олардың мейіріміне бүкіл халық риза болып жатыр. Әрбір күн тарих болып қалады ғой, бүгінгі қиындық әлі артта қалады. Бірақ сол қиындықтар кезінде бүкіл отандастарымыздың көмек көрсеткенінің символы ретінде біз музейімізге сақтаймыз. Келген жастарға да осыны көрсетіп, айтып отырамыз.

КСМ:  Кентаулық бүлдіршіндердің аманатын қабылдап алған жылыойлық блогер Азамат Төрехан оларды іздеп тауып, Кентауға барып, Жылыой халқының атынан алғыс айтып қайтты. Блогердің айтуынша, балалардың бірі ақшаны смартфон, енді бірі велосипед алу үшін жинаған көрінеді. Өздері кішкентай болғанмен, жүрегі даладай кең балалардың әрекетіне қатты риза болған құлсарылық кәсіпкерлер екеуінің де арманын орындап, қалағанын заттарын алып беріп жіберіпті.

Азамат ТӨРЕХАН, блогер
Осы қыз бен балаға іздеу салып интернетте, өзім байланысқан болатынмын. Кейін Кентау қаласына жол тартып, жалпы Құлсарының атынан өзіміз алғыс айтайық деп, жеке мекемелер, жас кәсіпкерлер жиналып, Гаухар мен Жігерге өзіміздің сыйлығымызды ұсынған болатынбыз. Бірақ олардың ата аналары айтып жатыр, елдің амандығын тілеп, ештеңе дәметпейтіндерін айтты, соның өзінде өзіміздің азамматтық борышымыз ретінде көріп, аяқтай барып, алғысымызды айтып, Гаухармен сөйлесе келе, не үшін жинағанын біліп, сол қалаған заттарын алып бердік. Енді ол кісілер бұйырса келеміз деп жатыр, келгеннен кейін міндетті түрде осы музейге келіп, өзіміздің қар үйімізді көріп, суретімізді көрсек одан асқан бақыт жоқ деп жатыр.
Жинақ құтылары музей ішінде кішкентай қазақстандықтардың игі ісінің символы болып қала бермек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *