Жаңалықтар

ЖАҢА КОНТЕЙНЕРЛЕР ЖЕТКІЗІЛДІ

Атырау көшелері мен ықшам аудандарға жаңа қоқыс контейнерлері орнатылмақ. Бүгін қаламызға еуростандартқа сай су жаңа осындай контейнерлердің алғашқы партиясы жеткізілді. Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, бұл қаланы көркейту және абаттандыру бағдарламасы аясында жасалып отырған жұмыс. Жоспарланған контейнерлердің жалпы саны 222 дана. «Арнаулы автобаза» мекемесінің қызметкерлері әзірге 120 контейнерді белгіленген жерлерге қоюды бастап кетті. Аптаның аяғына таман дәл осындай тағы да 102 контейнер жеткізіледі деп жоспарлануда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *