Басты ақпаратЖаңалықтар

Каспий теңізінің тартылған аумағы қалпына келе бастады

Қаңтар мен наурыз аралығында Каспийдің солтүстік және шығыс бөлігіндегі су 29 метрге төмен түсіп кеткен. Мамандар мұндай көрсеткіш көптен бері болмағанын айтып отыр.

Теңіз деңгейінің көтерілуіне тасқын су оң әсер еткен. Каспийге құятын Еділ мен Жайықтың суы биыл жылдағыдан көп. Оның ішінде Еділ өзенінің үлесі ерекше көрінеді. Бұл ретте мамандар алдағы жылдары жауын-шашын мол түссе, теңіз кемеріне келетінін айтады.

«Негізгі өзен ол — Еділ. Теңіздің деңгейі негізінен сол Еділге байланысты. Ал енді одан кейінгі сатыда Жайық тұр. Биыл Жайықтан түсетін су көп болып жатыр. Содан кейін Еділден келетін су да арта түскен. Оның бір сағасындағы тоғанды жұлып кетіпті деген кеше хабар келді. Соған қарағанда су жақсы. Егер келесі жылы да, келесі жылдары су жақсы болатын болса, онда Каспий қалпына келеді. Ал келесі жылдары өзендер аз құйса, Каспий тағы төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, теңіз деңгейі күн райына да тәуелді. Егер, күн қатты ысыса, су көп буланады», — дейді техника ғылымдарының кандидаты Әмірхан Кеншімов.

Қазіргі уақытта Каспий маңындағы орташа булану деңгейі 1 метрдің шамасында болып отыр. Ал әзірге теңіз деңгейі көтерілгені көпшілікті қуантып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *