Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРДІ

Жастар мемлекет тарапынан көрсетілетін цифрлық қызметтерді әлі де толықтай пайдалана алмайды. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен өткізілген шара осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етті. Түсіндіру жұмыстарын халыққа қызмет көрсету орталығының, денсаулық сақтау басқармасы мен «Смарт» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өкілдері біріге отырып жүргізді. Яғни, қажетті анықтамаларды алу, дәрігерге қаралу үшін кезекке тұру, жедел жәрдем шақыру секілді жұмыстарды үйде отырып, электронды түрде қалай жүзеге асыруға болатындығы және смарт карталарды пайдалану, сатып алу, оны толтыру туралы айтылды.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *