Жаңалықтар

Жүрсін Ерманның кеші өтті

Қаламызда елге белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның «Қазақ іздеп жүрмін» атты шығармашылық кеші өтті. Рухани шарада ақынның елі мен жері үшін атқарған ерең еңбегіне бағала беріліп, өмір жолынан естеліктер шертілді. Айталық, ол 1983 жылы Қазақ республикалық теледидарының бас редактор қызметіне тағайындалған болатын. Одан кейінгі ғұмырында «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімдерін басқарды. Ал 2006-2010 жылдары Қазақ радиосының және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Бас директоры қызметтерін атқарды. Осынау жылдар аралығында өзіне жүктелген міндетті ала жүріп, ақындар айтысының теленұсқасын жасады. Сөйтіп, дәстүріміздің алтын қазығы саналған айтыстай асыл мұраны қайта жаңғыртты.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *