Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР «АДАЙ АТА – ОТПАН ТАУ» КЕШЕНІНДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУДА

Маңғыстау халқы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне жиылып, Амал мерекесін тойлауда. Тау етегіне 50 шақты ақшаңқан киіз үй тігіліп, жергілікті халық жан-жақтан жеткен қонақтарды қарсылап жүр. Отпан тарихи-мәдени кешенінде Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандары мен Жаңаөзен қаласы өнерпаздары көпке мерекелік көңіл-күй сыйлап, айналаны ән-думанға бөлеп жатыр. Және қазақ күресі, түйе палуан сияқты ұлттық спорт сайысы ұйымдастырылып, «Сәлем — сөздің атасы» және «Қарақазаннан дәм тату» мерекелік іс-шарасы да ұйымдастырылуда. Сондай-ақ Жыңғылдыдағы ипподромда өтіп жатқан аламан бәйгеге 40-қа жуық тұлпар қосылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *