Жаңалықтар

МАМАН БОЛСА, ПӘТЕР ДАЙЫН

Аудандағы дәрігер тапшылығы жуық арада өз шешімін табады. Қажеттілікке ие кадрлар осы жылдың екінші жарты жылдығында елді мекенге келіп, халыққа қызмет көрсетпек. Сондай-ақ дәрігерлердің жалақысы 1 шілдеден бастап, 20 пайызға өсірілмек. Бұл туралы ҚР-сы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Атырау облысына іссапары барысында белгілі болды.

Мақат ауданындағы денсаулық сақтау мекемелерін аралаған министр, аталмыш саладағы түйіткілді мәселелерге тоқталды. Бұрын ауданда 2500 тұрғынға бір дәрігер қызмет көрсетсе, енді 1700 тұрғынға бір маманнан келеді. Сонда да, дәрігер тапшылығы сезіледі. Мысалы, ауданға жалпы тәжірибелік дәрігер мен нарколог-психиатр сондай-ақ лор, хирург сынды мамандар қажет. Ал, олар үшін 7 қызметтік пәтер дайын тұр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *