Жаңалықтар

БРУЦЕЛЛЕЗ ЖӘНЕ ҚЫТАЙЛАР

Қызылқоға ауданында малдары бруцеллезге ұшырап, шығынға батқан тұрғындарға 24 миллион теңге көлемінде өтемақы берілген. Оның 70 пайызын сатып алушы, ал 30 пайызын мемлекет төлепті. Баспасөз конференциясын өткізген Қызылқоға ауданының әкімі Арман Бәженовтің айтуынша, мал арасында аталған дерттің таралуына тұрғындардың салғырттығы себеп. Яғни, аурудың алдын алу жұмыстары дұрыс атқарылмаған.

Сонымен қатар, жуырда әлеуметтік желіге жүктелген Қызылқоға ауданы аумағында жүрген қытай азаматтарының видеосына байланысты көпшілік арасында түрлі болжам айтылған еді. Әуесқой түсірілімде шетелдіктердің өткен жылы елімізге қайтарылған Тайсойған полигонында жүргені айтылады. Осыдан кейін бұл нысан қысық көз көршілерге жалға берілуі мүмкін деген әңгіме тарап кеткен болатын. Бұған қатысты аудан басшысы былай деп түсінік берді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *