Жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Атырау, Caspian News.

Көктемгі балық аулау науқаны жалғасуда. Аталмыш жұмыстарды облыстағы 11 кооператив тәулік бойына бес сағаттық ауысыммен жүргізіп жатыр. «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары бұл жұмыстарды Кіші Дамба аумағында жүзеге асыруада. Мұндағы тәуліктік норма орта есеппен 1-2 тоннаға жуық. Ауға түскендердің басым бөлігі – көксерке, табан және қаракөз. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, бағалы балықтар да жоқ емес. Нақты айтқанда, 14 бас бекіре тұқымдас су маржаны мемлекеттік тапсырыс негізінде бекіре шабақтарын өсірумен айналысатын зауыттарға тапсырылыпты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *