Басты ақпаратЖаңалықтар

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПТЕ ҮЗІЛІС КЕЗІНДЕ БЕРІЛЕТІН ТЕГІН АСТЫ ІШЕТІН ЖЕР ТАППАЙ ЖҮР

Атыраулық оқушылар үзіліс кезінде берілетін тегін асты ішетін жер таппай, бұрыш-бұрышты жағалап жүр. Бір ғана мысал, қаладағы №15 мектеп. Мыңнан аса оқушы білім алатын ғимаратта асхана жоқ. Жалпы бұл білім ордасында 400-ге жуық оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Оларға күнделікті тамақты құтыға құйып әкеледі. Ләйлә Ахдиярованың үш баласы да осы мектепте оқиды. Екеуі – бастауыш сыныпта. Балалары тамаққа қатысты шағым айтпайтын көрінеді. Алайда ата-ана асхана болу керек деген пікірде.

Қолданысқа 70 жыл бұрын берілген білім ордасының әу бастағы жобасында асхана жоқ екен. 2015 жылы қазынадан қыруар қаржы бөлініп, асхана есебінде жапсарлас ғимарат құрылысы басталған. Бірақ мердігер жұмысты аяқтамапты.

9 жыл бұрын дәл осындай 9 мектепке жапсарлас ғимарат саламыз деп әкімдік бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген. Оның алтауы – қалада. Өкінішке қарай, құрылыс кезінде проблема туындап, бірнеше шенді мен «Арал» компаниясының өкілдері жемқорлыққа жол берді деп айыпталды. Олар жазаларын өтеп, шығынды қайтарғанымен, білім ордаларындағы асхана мәселесі сол күйінде қалған.

Құрылыс басқармасындағылардың жазбаша берген жауабына қарасақ, жұмыс қызу жүріп жатыр. Ал шындығында әкімдіктегілердің сөзімен келісу қиын. Себебі, кейбірі жөндеуге сұранып-ақ тұр. Бірақ билік басындағылар наурыз айында төрт бірдей мектеп асханасын қолданысқа береміз деген сенімде.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *