Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН

Атырауда 5 мыңнан астам тұрғын онкологиялық ауруға шалдығып, есепке алынды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға өскен. Былтырдың өзінде 1139 адамнан онкология анықталса, олардың басым бөлігі қыз-келіншек. Әсіресе, олардың арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі жиі кездеседі дейді мамандар. 2023 жылы 20-дан астам әйел осы аурудан көз жұмған. Алдағы аптада облыстағы онкологиялық диспансер мен барлық емханаларда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық өтпек.

Облыстың бас дәрігері жатыр мойнының қатерлі ісігіне көп жағдайда папиллома вирусы себеп болып жатады дейді. Сондықтан, елімізде осы инфекцияға қарсы вакцина салу қолға алмақ. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің сөзінше, мұндай екпе әлемдегі 100-ден астам мемлекетте міндетті түрде егіледі.

Тек жатыр мойны қатерлі ісігі ғана емес, басқа да онкологилық аурудың алдын алу үшін скринингтен уақытылы өтіп тұру маңызды дейді дәрігерлер. Былтырдың өзінде жатыр мойны қатерлі ісігін осындай тексерістердің арқасында ерте анықтау көрсеткіші 21,5 пайызға өскен. 22-27 қаңтар аралығында өтетін апталық кезінде барлық жолдама тегін болмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік сақтандырудың бар-жоғы да маңызды емес.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *