Жаңалықтар

ЖЫЛҚЫ АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Құрманғазы ауданында мал ұрламақ болған екі азамат ұсталды. Учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген аумақты аралау кезінде Дыңғызыл селолық округі атылған мылтықтың даусын естіген. Тәртіп сақшылары бірден сол жаққа бет алып, оқиға орнынан қашпақ болған ВАЗ 2106 автокөлігіндегі күдіктілерді ұстады. Құрықтау барысында олардан тіркелмеген шолақ мылтық пен мал союға арналған құрал-саймандар тәркіленіпті. Сондай-ақ, оқиға орнынан атылған жылқы да табылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *