Жаңалықтар

17 МИЛЛИОН ЖЕП ҚОЙҒАН

Жылыойлық мектеп есепшілері ақша жымқыруын тоқтатпай тұр. Мұнайлы аудандағы 9-ыншы мектептің бас бухгалтері білім ордасының қажеттілігіне бөлінген 17 миллион теңгені жеп қойған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Күдіктіге қылмыстық кодекстің «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау» бабымен іс қозғалып, сот кінәлі деп тапты. Үкім бойынша есепші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.  Және осынша уақыт мемлекеттік мекемеде жұмыс жасай алмайды. Еске салайық, сәуір айында Жылыойдағы тағы бір мектеп есепшісінің 24 млн теңгені қалтасына басқандығы анықталған болатын.

What is your reaction?

Excited
1
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *