Жаңалықтар

ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ҮШІНШІ ТОЛҚЫНЫ

«Біргеміз» қоры арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің үшінші кезеңі басталды. Өңір бойынша бұл санатқа жататын 22 000 адам бар, оның жартысынан көбіне қайырымдылық жасалды. Енді қор атынан облыс бойынша 7 санатқа сәйкес 5000-нан астам жанұяға маусымның 10-на дейін 50 000 теңге көлеміндегі бір реттік төлем беріледі. 

Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары

-Бұл үшінші толқында кімдерді қамтимыз. Бұл моно қаласы бар аудандар. Біздің облыстық деңгейде моно қаласы бар бұл Құлсары қаласы, Жылыой ауданы. Сосын Исатай, Махамбет, Мақат ауданының тұрғындары. Сандық тұрғыдан айтатын болсақ Жылыой ауданына 1929 адресадқа береміз деп отырмыз 50мың тг көлемінде, ал аудандарға 1100адресадқа.

Ал маусымның екінші жартысында әлеуметтік көмектің төртінші толқынын жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, нұротандықтар тамызға таман партияішілік іріктеудің өтетіндігін хабарлады.

Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары

-Осы жұмысты бастауға толық негіз бар. Ереже праймеризді өткізу жөнінде бекітілген. Енді жаңағы кәсіпкерлеріміз бар, мүмкіндігі шектеулі жандарымыз бар, жастарымыз бар, әйел адамдар бар іскер, білім саласының, денсаулық саласының өкілдері бар.

Бүгінде облыстағы партиялық кадрлық ревервте 350 адам бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *