Жаңалықтар

ҚАЛЫПТЫ ӨМІРДЕН ҚАЙТА КАРАНТИНГЕ

Атыраулықтар енді Исатай-Махамбет алаңы, Жеңіс саябағы мен Ретропаркте серуендей алмайды. Ол жердегі кәсіпкерлер де жұмыстарын тоқтатады. Нақтырақ айтқанда парктер қайта жабылды.  Мұндай өзгеріс мұнайлы шаһарда карантиндік шектеулердің қайта күшейтілуіне байланысты еніп отыр. Қаланың бас санитарлық дәрігері  Қанат Ғайнеденов өңірде вирустан екі адам көз жұмғаннан кейін осындай шешім қабылдаған. 

Қаламқас АМАНЖОЛОВА, Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы

-Бүгінде Атырау қаласының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз. Күнделікті мониторинг 2-ден 7пайызға дейінгі өсімді көрсетіп отыр. Карантиндік шектеулердің сақтамауына байланысты 1 маусымнан бастап тұрғындардың мекен-жайларынан көптеп шығып кеткендіктен, жаңа қаулы шығарылды.

Тұрғындардың санитарлық талапқа бағынбауы – күнделікті куә болып жүрген жайт. Демалыс саябақтарында да халық бетпердесіз сейіл құрып жүр. Ал ара қашықтықты сақтау туралы сөз қозғаудың өзі артық. Таяудағы Исатай-Махамбет алаңының қайта ашылуындағы құмырсқадай құжынаған халық соның бір дәлелі.

Александр ДУМЛЕР, санитарлық қызметтің ардагері

— Бұл індеттің инкубациялық кезеңі тым ұзақ. 2-3 аптада ешқандай белгі байқалмауы мүмкін. Онымен қоса, денсаулық сақтау саласындағылардың мәліметі бойынша науқастардығң 80-85 процентінен еш ауру белгісі байқалмаған. Сондықтан бұл өте қауіпті. Барлық санитарлық талапты сақтау қажет.

Соңғы екі аптада қалада осы КОВИД-19 бен ауыратын  27 науқас тіркелді. Олардың арасында жаңа туған нәресте де бар. Ал күні кеше бір тәулікте 36 адамнан вирус анықталды.  Айта кетейік түнгі клубтар, букмекерлер, кальян орталықтары мен бильярд сияқты ойын-сауық орындары сол күйлі жабулы қалады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *