Жаңалықтар

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖАНДАНУДА

10 маусымнан бастап Атыраудан Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Маңғыстау бағыттары бойынша қатынайтын пойыздар жолға шығады. Бұл елдегі пойыз қозғалысын жандандырудың екінші кезеңі болмақ. 10 маусымнан бастап Атырау-Маңғыстау және Ақтөбе-Атырау, ал 11 маусымнан Нұр-Сұлтан-Атырау, Атырау-Нұр-Сұлтан, Алматы 2-Атырау, Атырау-Алматы 1,  Атырау-Ақтөбе,  Маңғыстау-Атырау бағытындағы пойыздар жұмысын жандандырмақ. Сондай-ақ, 12 маусымда Атырау-Нұр-Сұлтан бағытына жол ашылса, 13 маусымда Атырау-Алматы 2, Нұр-Сұлтан-Атырау, Алматы 1-Атырау бағытындағы жолаушылар тасымалы жұмысын бастайтын болады.

10 маусымнан бастап:

№ 313/314 Атырау-Маңғыстау;

№ 691/692 Ақтөбе-Атырау.

11 маусымнан бастап:

№ 19/20 НұрСұлтан — Атырау;

№ 47/48 Атырау — НұрСұлтан;

№ 29/30 Алматы 2-Атырау;

№ 41/42 Атырау — Алматы 1;

№ 691/692 Атырау — Ақтөбе;

№ 313/314 Маңғыстау — Атырау.

12 маусымнан бастап:

№19/20 Атырау-Нұр-Сұлтан;

13 маусымнан бастап:

№ 29/30 Атырау-Алматы 2;

№ 47/48 НұрСұлтан-Атырау;

№ 41/42 Алматы 1-Атырау.

Тұрғындар сапар кезінде санитарлық талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауы шарт. Бетперде, қолғап және санитайзерсіз жолға шығуға тыйым салынады. Тіпті вагон ішінде де сақталуға тиісті шарттар бар. Қажеттіліксіз купеден шығуға, жолаушылардың орындарын ауыстыруға және қозғалыс кезінде бір вагоннан екінші вагонға өтуге болмайды. Бұл үшін вагондар арасына арнайы шектеулер мен бөгеттер қойылмақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілінің айтуынша, пойыздағы дезинфекциялық жұмыстар екі рет – жөнелтілер алдында және соңғы аялдамада жасалатын болады. Пойызға отырғызу кезінде әр жолаушы дене қызуын өлшетіп, арнайы сауалнамаға жауап береді. Егер жолаушы сапар кезінде аяқасты өзін жайсыз сезінген жағдайда да орындалуы міндетті процедуралар бар дейді ресми өкіл.


Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі
-Егер бір адам ауырып қалса, мейлі коронавирустық инфекция болсын, мейлі басқа ауруға шалдығып қалса, міндетті түрде жолсерікке хабарлауы керек. Жолсерікке хабарлағаннан кейін ол сол кісіні алып шығып өзге купеге оқшаулайды, бос болып тұрған купеге. Егерде купе бос болмаған жағдайда өзінің купесіне барып оқшаулайды. Оқшаулағаннан кейін ол машиниске хабарлайды, пойыз басшылығына да хабарлайды. Ал олар өз кезегінде алдағы жақын стансаның диспечеріне хабарлайды.

Билеттер 15 мамырдан бастап epay.railways.kz сайтында онлайн сатылымға шығарылады. Ал  пойыздардың келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты 105 телефоны арқылы білуге болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *