Жаңалықтар

ГАЗ ҚҰЮ СТАНСАСЫ ЖАРЫЛДЫ

Атырауда газ құю бекеті жарылды. Оқыс оқиға ертеңгілік сағат 8 шамасында Атамбаев көшесі бойында орын алған. Салдарынан 4 адам жарақат алып, жедел түрде облыстық аурухнаға жеткізілді. Олар: газ құю бекетінің операторы, газ тасымалдаушы көлік жүргізушісі және екі өрт сөндіруші. Қазір мамандар  апаттың аумағын шектеумен айналысып жатыр. Өрт болған жер тұйықталып, қозғалыс тоқтатылған.

Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Бірінші өрт сөндіру бригадасы келгенде, станса түгел өртке оранған. Қосымша көмек сұрап, өшіру кезінде стационарлық емкость 18 тонналық жарылыс беріп, 4 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алған. Екеуі біздің қызметкер. Қазір 4 өрт сөндіру техникасы мен 20 адамнан құралған бригада өрт сөндіруге қатысты.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, 70 метр қашықтықтағы өзге ғимараттарды да шарпып өткен. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда. Ал зардап шеккендердің жағдайы алдағы уақытта хабарланатын болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *