Жаңалықтар

ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Індеттің беті қайта ма деп жүргенде Атырауда коронавирустан екі адам ажал құшты. Қауіпті індеттің құрбаны болғандар Жылыой ауданының тұрғындары. 56 жастағы Теңіз кенішінің жұмысшысы жедел респираторлы вирустық инфекция белгісімен облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне түскен. Ауыр жағдайда «екі жақты пневмония, жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен жатқызылған ер адамды дәрігерлер аман алып қала алмады. Ал екінші 69 жастағы зейнеткер бір аптадай қызулап, жөтел, дененің әлсіреуі, тәбеттің жоқтығы сынды симптомдармен үйде жатып қалған. Қарияны кеуде қуысының компьютерлік томографиясына түсіргенде екі жақты полисегменталды вирустық пневмония анықталыпты. Және өкпе тінінің 50% зақымданған.

Нұрлыбек ҚАБДЫҒАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

-Науқастардың екі өлім жағдайына байланысты, талдау комиссиясы құрылып, барлық қорытындысы денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Енді мен Атырау облысының тұрғындарына айтқым келеді. Коронавирус инфекциясынан сақ болыңыздар.  Көріп отырсыздар екінші науқас үйде жатып қалған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *