Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА СЕРДАЛИЕВТЕР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Caspian News, 15 наурыз. Атырау қаласында өтіп жатқан референдумда тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Солардың бірі — өңірге белгілі, бірлігі жарасқан Сердалиевтер әулеті. Үлгілі отбасы №227 референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Биылғы саяси шараның Амал мерекесімен тұспа-тұс келуіне байланысты, Сердалиевтер әулеті сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киімдермен келген. Бұл қадам қатысушылар мен комиссия мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әулеттің үлкені Тәттіғали Сердалиев референдумның маңыздылығына тоқталып, азаматтық ұстанымын білдірді:

«Бұл — еліміздің болашағын айқындайтын маңызды сәт. Референдумға қатысып, өз дауысымызды беру — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Біз бүгін ұрпағымыздың ертеңі мен мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін дауыс бердік. Шаңырағымыздағы бірлік пен елдегі тыныштық әрқашан баянды болсын», — деді ақсақал.

Айта кетейік, Атырау облысында референдумға отбасымен келіп, дауыс берушілер қатары сағат санап артып келеді.

Оқи отырыңыз...

КАСПИЙДІ САҚТАУ ІСІНЕ ЖАСТАР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАРТЫЛМАҚ

ҚАЗАҚСТАНДА ТӨРТІНШІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНАДЫ? ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЖАУАП БЕРДІ

БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАСТАР ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ