Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ БАЛАБАҚШАДАН ЖАРҚАНАТ ТАБЫЛДЫ

 

Атыраудағы №48 «Родничок» балабақшасында жарқанаттар жүр. Бұл туралы ата-аналар әлеуметтік желіге жариялап, наразылықтарын білдірген еді.

Мән-жәйді анықтау үшін, телеарнаның түсірілімдік тобы балабақшаға барды.

Ал мектепке дейінгі мекеме басшысы бұл ақпаратты растап отыр. Айтуынша, ғимарат ескі. 40 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген. «Үнемі тек залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Тіпті, қалалық білім бөлімінің басшыларына да ескертілді», — дейді олар.

Мамандардың мәліметінше, Атырауда жарқанаттың екі түрі кездеседі. Бірі үнемі өзге жаққа қоныс аударып, кейін қайта оралуды тіршілік дағдысына айналдырса, екіншісі бір мекенде тұрақтап қалады екен. Осы орайда, терологтар жарқанаттардан ешқандай зиян келмейтінін айтады.

 Жалпы атыраулықтарға жарқанаттар таңсық емес. Өйткені, мақұлық көпқабатты үйлердегі қараңғы әрі жылы жерді мекен етеді.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, былтыр «жарқанат кіріп кетті» деген бағытта 20 шақты арыз-шағым түскен.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне басшы тағайындалды. Аталған департаментке енді Әлия Бекешева жетекшілік етпек. Әлия ...