Жаңалықтар

COVID-19: ҚЫТАЙДАН КӨМЕК

Қазақстанға коронавирусқа қарсы күресте көмек көрсету үшін келген қытайлық дәрігерлер елде 15 күн болады. Осы уақыт аралығында олар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қарағандыдағы медициналық мекемелерді аралайды. Дәрігер-инфекционист, пульмонолог, эпидемиолог және қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларынан тұратын топ өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізбек. Олар екі елдің көшбасшылары арасындағы уағдаластықтың арқасында ақысыз көмек көрсетеді. «Біз келген Синьцзян қаласында 76 адам коронавирусты жұқтырғанмен, дәл қазір ауруға шалдыққандар тіркелген жоқ. Мұның бәрі жедел жұмыс жасағандықтың нәтижесі» дейді қытайлық дәрігерлер.

Лу СЯОБО, дәрігер

  • Ең бастысы —  инфекция жұқтырған адамды лезде тауып, ауруды ерте кезеңде анықтау. Әрі қарай науқасты карантинге жатқызып, онымен байланыста болғандарды да жедел анықтау қажет. Тағы бір айтарымыз, карантин уақытын ұзарту – ең дұрыс шешім. Тек осылай ғана пандемияға қарсы тұруға болады. Бұл жерде халықтың түсінгені де өте маңызды.

Шетелдік дәрігерлерді алып келу үшін Қазақстан Қарулы Күштері министрлігінің арнайы борты жіберілді. Ал қытайлықтармен бірге бес жарым тонна гуманитарлық медициналық көмек жеткізілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *