Жаңалықтар

ТЕРІС АҒЫМДЫ НАСИХАТТАҒАН

Атыраулық азамат әлеуметтік желіге діни араздықты тудыратын ақпараттарды жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол Мысырдағы күмәнді діни оқу орталығында білім алып жүріп, дәстүрлі емес діни ағымын насихаттаушы Ділмұрад Махмадовтың аудиожазбаларын Вконтактедегі жеке парақшасы арқылы таратқан. Бұл іс анықталған бойда дінтану сараптамасына жіберіліп, 56 жастағы азаматқа қатысты онлайн сот отырысы өтті. Нәтижесінде, айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  53020 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Данияр ҒАЛИДЕН, Атырау облысы Дін істері басқармасының  маманы

  • Атырау облысы Дін істері басқармасы діни мазмұндағы материалдарды, соның ішінде аудио-видео жазбаларды, бейне насихаттарды жариялауға, жүктеуге, таратуға тыйым салынатынын ескертеді. Және де діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатуға таратуға болмайды. Бұндай жәйттар анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *