Жаңалықтар

59 АДАМҒА ЖЕТТІ

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 59-ға жетті. Ертеңгілік мұнайлы өңірде бірден 11 адам тіркеліп отыр.  Оның 2-еуі Атырау қаласында,  9-ы Жылыой  ауданындағы Теңіз кен орнынан анықталды.  Олар осыған дейін «Vaternas» вахталық аймағында тіркелген 50 жастағы әйелмен жақын қарым-қатынаста болғандар. Науқаспен байланыста болған тағы 53 адам анықталып, оқшауланғанын айта кетейік. Ал жұқтырған тоғызы сол вахталық қалашықта инфекциялық стационарда ем алуда.


Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы

— Теңіз кен орнынан шыққан жағдайға байланысты, Жылыой ауданының бас санитары қаулы шығарып, Ватернас мекмесіне қарасты жатақхана 14 күнге жабылды. Ол жердегі адамдардың бәрі дер кезінде анықталып, арнайы дайындалған 109 орынды карантиндік мекемеге орналастырылды. Қазір жағдай бақылауда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *