Жаңалықтар

6 МЫҢ АДАМНАН СЫНАМА АЛАДЫ

Covid-19 инфекциясымен алдыңғы қатарда күресіп жүрген 6 мыңға жуық адам вирустың бар-жоғын анықтайтын сынамадан өтеді. Олардың қатарына шетелге шығатын жолаушылар, әскери қызметшілер, сондай-ақ, полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері кіреді. Төтенше жағдайды қамтамасыз ететін қала және аудан әкімдіктерінің мамандары да бар. Мемлекет есебінен сатып алынған сынамаларды әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, инфекциялық, фармацевтикалық және карантиндік стационардың медицина қызметкерлері де тапсырады.

Алмагүл КӨШКІНБАЕВА, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы
— Жұқтырған адамдарды жедел анықтау және оқшаулау коронавируспен күрестің бірден-бір жолы.  Алдыңғы қатарда жұмыс істейтін қызметкерлерге тест тапсыруға рұқсат етіледі. Олардың көпшілігі, яғни, 1800-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Ал  726-сы ақ халаттылар. Олар ПТР мен жедел тесттерден өтеді. Ал жалпы  400-ден астам дәрігер  тексеруден өтіп қойды.


Бұл тізімге енбей қалғандар жедел тестіні ақылы түрде тапсыра алады. Қазір бұл қызмет түрін қаладағы диагностикалық зертханалардың бірі жүргізуде. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *