Жаңалықтар

БАҒАНЫ КӨТЕРГЕН КӘСІПКЕРЛЕР

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын шарықтатқан бес кәсіпкер анықталды. Төтенше жағдайға байланысты әкімдік жанынан іске қосылған ватсапп нөміріне 35 атыраулықтан шағым түскен. Олар дүкендердегі қымбатшылықты айтып наразылықтарын білдіріпті. Шекті бағасы бекітілген тоғыз түрлі тауардың құнын өсірген кәсіпкерлерге ескерту беріліп, баға қалпына келтірілді.

Жұмабек ҚАРАЖАНОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары
— Егер тағы қайталанатын болса, 100-200Айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Біз әлеуметтік маңызы бар азық түлікке мониторинг жүргіземіз. Сондықтан баға бақылауымызда. Төтенше жағдайға байланысты үкімет бекіткен 9 тағамның бағасы өскенін байқағанда қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен байланысып шағымдануға болады.

Әкімдіктегілер бірқатар супермаркет пен дүкендерде үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімдерін арнайы сөреде сатуды ұйымдастырып жатқанын айтты. Ал олардың шекті бағадан асқанын көрсеңіз,  8-701-730-02-22, 8-701-774-44-84 ватсапп нөміріне хабарлама жолдауға немесе Dоsmart.kz сайты арқылы да байланысқа шығуға болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *