Жаңалықтар

МИНИСТРЛІКТЕГІЛЕР АТЫРАУДА

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырауға келіп, аймақтағы инфрақұрылымдық нысандардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын бақылады. Ол өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовпен бірге «Құрманғазы» өткізу бекеті мен «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолы құрылысындағы жағдайды тексерді. «Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату мақсатында ашылған. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен мыңдаған транспорт өтеді. Ал «Ақтөбе-Атырау-РФ» бағытындағы жолдың жалпы ұзындығы 900 шақырымға жуықтайды. Оның 545-і  Атырау облысының аумағына тиесілі. Ондағы екі бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған.  Үкімет басшысының орынбасары аталған міндеттемелерді уақытылы әрі сапалы орындауды жүктеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *