Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МИЛЛИОННАН

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғысының Атырау облысындағы 8 ардагеріне 1 млн теңгеден беріледі. Одан бөлек, 62 тыл ардагеріне 100 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік төлем жасалып, мемлекеттік наградасы жоқ 2 212 адамға 30 мың теңгеден үлестіріледі. Қаржылай көмектің жалпы көлемі 80 млн теңгеден асады.  Ал төлемдерді аудару жұмыстары мамыр айында жүзеге асырылады.

Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

-Ешқайда барып, өтінішті беріп қажет емес екенін айтқым келеді. Сонымен қатар облысымыздағы 8 ардагерге қолдау көрсету, оларды мерекелерімен құттықтау бағытында жеке кәсіпкерлер, кәсіпорындар үлкен мекемелер байланысқа шығуда. Сол ардагерлеріміздің жеке есепшоттарын алды. Олар өз тарапынан да өз қолдауларын көрсететін болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *